2014 жылдың 20 мамырында Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония залында «SVS Nevro дәрігерлер мен емделушілердің эпилепсия және жүйке жүйесінің күрделі ауруларына қарсы күрес қозғалысы» Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірге біз бәрін жеңеміз» атты қайырымдылық концерті өткен.

Концерт 2014 жылы Қазақстанда эпилепсияның Европалық күнін өткізудегі іс шара бағдарламасы аясында өткізілді. Бұл бағдарлама өз ішіне лекциялар ұйымдастыру, хабарлама парақшалары мен брошюралар тарқату, балалар суреттерінің көрмесі және концерт өткізуді қамтыды және толықтай өткізілді.

«SVS Nevro» Қоғамдық Бірлестігінің негізгі бағыты эпилепсиямен ауыратын адамдардың және оларға қамқорлық жасайтын жандардың өмірінің сапасын жақсарту, сондықтан концерттің мақсаты осы адамдардың проблемасына қоғамның назарын аудару, және де жүйке жүйесінің күрделі ауруларымен және эпилепсиямен ауыратын науқастарға қолдау көрсету болып табылады.
Атап өтпеуге болмайтын дерек, «SVS Nevro» Қоғамдық Бірлестігінің қойған проблемаларына қоғамның қызығушылығы артуда, мұны концертке келген қатысушылар мен қонақтардың сөздерінен және телевизиялық, радио және баспа БАҚ көрсеткен қызығушылығынан байқауға болады.

Концерт қонақтарының арасында бизнес элитасының өкілдері, зиялылар, құқық қорғау және білімдендіру мекемелерінің өкілдері, банк және фармацевтикалық компаниялардың қызметкерлері болды.
Концертті ұйымдастыруда қолдау көрсеткендер мемлекеттік органдар Алматы қаласы Әкімшілігі, Білім Басқармасы, және де мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қайта аяққа қоюмен айналысатын «Мейірім» жеке қоры.
Концертті дайындауға және концерт аясында өткізілген көрмеге Алматы қаласының көптеген мектептерінің оқушылары атсалысты, солардың ішінде белсенді көмектескендері «Мирас» Халықаралық мектебі, №94 мектеп гимназиясы, №83, 103, 55, 133, 54 мектептер және «Гармония» балаларды дамыту орталығы.
Және де бізді қолдағандар Санофи Казахстан компаниясы, «Дәрі фарм Казахстан» ЖШС, «Ранбакси Лабораториз Лимитед» ЖШС, "SUN PHARMACEUTICAL INDUSTRIES LTD", «Электротранс» ЖШС және тағы басқа көптеген компаниялар.
Әртістер концертке тегін қатысуға өз келісімдерін берді.

Концерт қонақтарына сәлем жолдай отырып «SVS Nevro» басқармасының басшысы С.В. Савинов және емделушілер фракциясының атқарушы директоры Шокабаева О.С., Қазақстан Республикасында алғаш рет эпилепсияға қарсы тақырыпта өткізіліп жатырған Эпилепсияның Европалық күні сияқты ауқымды іс шарасының маңызының ерекшелігін атап өтті.

Олар барлық қатысушыларға қоғамдық бірлестік мүшелерінің, емделушілер мен волонтерлердің, эпилепсиясы бар адамдардың өмірін жақсарту бағытындағы жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.
Және де SVS лаборатория дәрігерлерінің Қазақстанда эпилептологияны дамытуға қосқан орасан зор үлестері атап өтілді.
Бұл кеште сахнада болғандардың барлығы, өз сахна көріністеріне жан тәнімен кірісті, сол себепті көрермендер музыканттар мен жас әртістерді зор қошеметпен қарсы алды.

Қонақтарды ерекше қызықтырған балалар суреті және қолөнер көрмесі болды.

Филармония залында өткен бұл көктемгі кештегі болған барлық жағдайлар, концерттің ойдағыдай өткенін және «SVS Nevro» Қоғамдық Бірлестігінің концерт ұйымдастырушыларының алдына қойған мақсаттарына жеткендігін білдіреді.